Жоғары лауазымды шенеуніктер Ибрагимовты жерлеу рәсіміне арнайы ұшақпен барады

Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктер тобы қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовты жерлеу рәсіміне қатысу үшін Қырғызстанға арнайы ұшақпен барады, деп хабарлады

ҚазТАГ.
Алматы, NEGE. «Ибрагимовты жерлеу рәсіміне қатысу үшін Бішкекке 21.00-ге арнайы ұшақ ұйымдастырылған», - деп хабарлады сәрсенбі күні агенттік тілшісі.
Сұхбаттасушының айтуынша, миллиардерді жерлеу рәсіміне Қазақстан үкіметінің өкілдері қатысады деп болжануда.

«Нұр-Сұлтандағы адамдардың бір бөлігін Қырғызстанға Мәскеуден ұшатын ұшақ алып кетсе, қалғанын біздің қазақстандық ұшақ апарады», – деді дерек көзі.

Еске салсақ Қазақстандық олигарх, Eurasian Resources Group компаниясы тобының бас акционерлерінің бірі, Eurasian National Resources Corporation (ENRC) ортақ иеленушісі Алиджан Ибрагимов 3 ақпан күні Бельгияда көз жұмды.

Қазақстанның бай адамдары тізімінде бесінші орында тұрған миллиардерді туған жері Қырғызстанда жерлейді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр