Жоғары айлық алатындардың табыс салығы көбейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда табыс салығы айлығы аз азаматтарда азайып, айлығы жоғары азаматтарға көбейетінін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Төртіншіден әлеуметтік әділеттілікті атынан айлық еңбекақы мен табыстың өзге де түріне қатысты жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізу керек деп есептеймін. Прогрессивті шкаланың мағынасы – айлығы онша жоғары емес азаматтар бүгінге қарағанда аз төлесе, ал айлығы көп азаматтар үшін салық мөлшері көбейеді», - деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында. Мемлекет басшысы мұндағы мақсат – айлық еңбекақының барынша көп әрі жабық сегментін «көлеңкеден» шығару екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?