Жоғарғы сот жезөкшелікті кәсіп деп таныды

Жоғарғы сот секс-индустрия жұмысшылары қамауға алынбауы, жазаланбауы және қудалауға жатпауы керек, өйткені мұндай қызмет заңды деп қаулы шығарды.

Алматы, NEGE. Жоғарғы сот секс-индустрия жұмысшылары қамауға алынбауы, жазаланбауы және қудалауға жатпауы керек, өйткені мұндай қызмет заңды деп қаулы шығарды.

Қаулы ең алдымен полицияға бағытталған, оған сәйкес сот құқық қорғау саласына секс-индустрия жұмысшылары мен олардың балаларына қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан аулақ болу міндетін жүктейді. Сондай-ақ сот БАҚ саласын азаматтардың осы санатының құпиялылығын қамтамасыз етуге және олардың аты-жөндерін жария етпеуге міндеттеді.

Үндістанда жезөкшелікке заңмен рұқсат етілген. Сарапшылардың пікірінше, елде бұл салада шамамен 2 миллион әйел жұмыс істейді.