Жоғарғы соттың үш судьясы отставкаға кетті

Сенаттың жалпы отырысында Мемлекет басшысының ұсынысымен Жоғарғы сот судьялары Ғабит Әлжанов, Роза Жақудина және Тыныштық Молдахметова қызметінен босатылды. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың айтуынша, судьялар әділ сот жүйесін дамыту ісіне айтарлықтай үлес қосқан.

– Мемлекет басшысы Жоғарғы соттың аталған судьяларын отставкаға жіберу жөнінде ұсыныс енгізді. Ғабит Өмірханович, Роза Қайроллақызы және Тыныштық Әмірқызы шамамен 30 жыл бойы сот жүйесінде қызмет етіп, мінсіз беделімен және жоғары кәсіби біліктілігімен танылған. Олар сот төрелігіне адал қызмет етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосты, – деді Д.Малахов.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Қазір оқып жатыр

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты