Жоғалып кеткен үш бала тау шатқалынан табылды

Алматы облысында ойнап жүріп, адасып кеткен балалар тау шатқалынан табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 18 ақпанда сағат 14:35 шамасында Кеген аудандық полиция бөліміне 1976 жылы туған азаматша жеті жастағы екі баланың және тоғыз жастағы бір баланың ойнауға кетіп, оралмағанын айтып жүгінген. «Балалардың жоғалғаны туралы хабар түсе салысымен бірден іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде сол ауылдық округке жауапты учаскелік полиция инспекторы С.Баянбекұлы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Малибеков сағат 15:30 шамасында балаларды тау шатқалында ойнап жүрген жерлерінен тауып, анасына табыстады. Балалардың ойнап жүріп, тау ішіне кіріп адасып кеткендігі белгілі болды. Ювеналды полиция тобының қызметкерлері балалардың анасымен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», – деді Кеген аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Үркімбаев.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды