Жоғалып кеткен 3 жасар бала табылды

Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар бала табылды.

29 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Әл-Фараби ауданында үш жасар бүлдіршін іс-түссіз жоғалып кеткен.

Алматы, NEGE.Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Асқаров көшесі Акация аялдамасы маңында ата-анасының қарауынсыз жүрген бүлдіршінді байқайды. Баладан аты-жөнін сұрағанда ол жауап бере алмағандықтан, оны №13 учаскелік полиция тірек пунктіне жеткізген. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Ұлттық Ұлан сарбаздарымен бірге балақайды ата-анасына аман-есен табыстады.