Жоғалған әйелдің төрт күннен соң денесі табылды

Төрт күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғыны Лариса Гусак өлі табылды. Бұл туралы облыс полициясының Instagram-дағы парақшасында жазылды

. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Жоғалған әйелдің туыстары оның үйден таңертең ерте жұмысқа шығып кеткенін және қайтып оралмағанын айтты.

Полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушімен таныс болған 59 жастағы ер адам болып шықты.

"Ол Ресей Федерациясымен шекарада ұсталды. Ер адам ел аумағынан жеңіл көлікпен шығып кетуге тырысқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Әйел бүгін Глубокое ауданы Белоусовка ауылынан жеті шақырым жерде көмілген күйде табылды.

Еріктілер мен полиция қызметкерлері жоғалған әйелді табу үшін төрт тәулік бойы елді мекеннің айналасын аралап шыққан.

Глубокое ПБ полиция қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді