Жоғалған адамның денесі өзеннен табылды
Батыс Қазақстан облысында жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы. NEGE. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында болды. Жедел құтқару жасағы (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) 30 қараша күні сағат 18.16-дан бастап 46 жастағы ер адамды Қараөзеннен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол 25 қарашада үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған. Сағат 19.05-те аталған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.