Жітіқарада 4 адамнан коронавирус анықталды

Жітіқара қаласында коронавирусты жұқтырған 4 адам тіркелді

, деп хабарлады Жедел штаб.

Алматы, NEGE. Олар 1981, 1987 және 1991 жылғы ер кісілер мен 1996 жылғы қыз. Аталған азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған», - делінген таратқан ақпаратта. Қазіргі уақытта індет жұқтырғандардың бәрі Жітіқара аудандық орталық ауруханасында жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, тиісті ем шараларын алып жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Осы азаматтармен байланысқан тұлғалар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Еске салсақ, 15 сәуір күні пневмония диагнозымен түскен 1945 жылы туған Жітіқара қаласының тұрғынынан КВИ анықталып, көз жұмды. Кейін Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник індеттен көз жұмған пациентке қатысты мән-жайды баян етті.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда ер адам 125 млн теңге үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр