Жеті жасар қазақстандық антиядролық велошеруге қатысты

Жеті жасар қазақ баласы Альтаир Омаров қазақстандық дипломаттар «Bike for Peace» қозғалысымен бірге Шығыс Норвегия қалаларында ұйымдастырған антиядролық велошеруге қатысты.

Алматы, NEGE. Бұл шара БҰҰ Қазақстан бастамасы бойынша жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылған.

«Әлемде соғыс болмаса деп тілеймін. Әр елдің балалары бір-бірімен еркін ойнай алатын бейбіт әлемде өмір сүргім келеді» деді балақай шеруге аттанар алдында.

Салтанатты старт Брумундаль қаласында, ағаштан жасалған әлемдегі ең үлкен нысан, биіктігі 85 метрден асатын ғимараттың жанында басталды.

Шараға Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ақынжанов, коммуна мэрі Рингсакер Анита Иле Стин, «Bike for Peace» қозғалысының негізін салған Торе Нэрланд, үкіметтік емес ұйым өкілдері, антиядролық қозғалыс белсенділері мен экологтар қатысты.

 

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты