Жириновский шүлен таратты

Ресейдің ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский Қызыл алаңда елге ақша таратты.

Алматы, NEGE. Қаумалаған жұртқа мың рубльден таратқан Жириновский «Балақайлар, кембағалдар, тағы кім бар? Жетімдер, шаруалар, құл-құтандар! Алыңдар!» деп ақша үлестіре жүріп, думаның даукес депутаты ара-арасында «Алғандарың – әрі барыңдар!» деп қояды.

Жириновскидің баспасөз өкілі өздерінің ЛДПР партиясының жанында арнайы қор бар екендігін, оған мемлекеттік думаның бар депутаты ай сайын жалақысының 10%-ын беріп отыратынын, сол миллиондаған ақшадан осылай көмек беріліп тұратындығын айтты.