Жириновский миллиондаған орысты Ресейге қайтаруды ұсынды

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Орта Азия мен Украинадағы орыстарды РФ-ға тұрақты тұруға шақыруды ұсынды.

Алматы, NEGE. Жириновскийдің айтуынша, Орта Азиядан алты миллионға жуық орыс Ресейге көшуі мүмкін. Ал Украинадан 15 миллион адам тарихи отанына орала алады.

«Біз көбіне ел аралаймыз, Мәскеудегі кеңселерде отырмаймыз. Еліміз үлкен, орын көп. Орта Азиядан 5-6 миллион, Украинадан 15 миллион орысты шақырамыз. Тек оларға көмектесу керек», – деді Владимирге сапары кезінде саясаткер.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ