Жымпитыға жол төселді

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің автокөлік жүретін Қазақстан, Досмұхамедов, Жұмалиев, Байжанов және Мендалиев көшелерінің жолдарын жөндеуден өткізу туралы Жымпиты сайлау округінің депутаты А.Дуйсенгалиев пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Т.Төреғалиевтың атына өтініш түскен.

Алматы, NEGE. Мамыр айынан бастап ауылішілік жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының құны – 224,5 млн теңге.

Бүгінде 21 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке 7 адам тартылды. Іс сапар барысында аудандық филиал төрағасы Т.Төреғалиев мердігермен және жұмысшылармен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ауыл тұрғындары жолдардың жөнделіп жатқанына қуанышты.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі