Жылқы коронавирусқа ем бола ма?
Коста-Рика ғалымдары жылқылардан алынған антиденелер негізінде коронавирусты емдеудің арзан әдісін сынауды бастайды. Біраз уақыт бұрын жылқыларға COVID-19 тудыратын SARS-Cov-2 вирусы егілген болатын, деп хабарлайды NY Post.
Алматы, NEGE. Қыркүйек айының ортасынан бастап жылқы антиденелеріне негізделген дәрі-дәрмек 26 пациентке сыналады, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау орталықтарын басқаратын әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Роман Макая.
Дәрі-дәрмекті Коста-Рика университетінің Клодомиро Пикадо институты (ICP) әзірлеген болатын.
Коста-Рика билігі зерттеудің екінші бөлігінің нәтижесі жақсы болса, дәрі-дәрмекті ауруханаларда кеңінен қолдануға үміттенеді. Бүгінгі таңда Коста-Рикада коронавируспен ауыратын 471 науқас ауруханаға жатқызылды.
«Вакцина қаншама адам өмірін құтқара алатындығын мақтан тұтамыз. Біз мұны өз ресурстарымыздың көмегімен, кезекте тұрмай немесе басқа елдермен бәсекелеспей-ақ жасаймыз», – дейді жоба үйлестірушісі Альберто Алапе.
Мұндай зерттеулер, сондай-ақ, Аргентинада және Бразилияда жүріп жатыр.
Ал бұл уақытта бельгиялық ғалымдар жылқының орнына ламаларды пайдалануда. Бұл зерттеулер нәтиже көрсетіп жатса, Коста-Рика ғалымдары Орталық Американың кедей елдерімен осы арзан емдік түрімен бөлісуге дайын екендерін жеткізді.
«Біз пандемия кезіндегі әл-ауқатымыз көршілеріміздің әл-ауқатымен байланысты екенін түсінеміз», – деді Алапе.