Жылыту маусымы қашан аяқталады?

Алматыда жылыту маусымын 22 сәуірде тоқтату жоспарлануда, деп мәлімдеді Алматының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.


Алматы, NEGE. «Біз барлығын түсінеміз, қазір көптеген қоңыраулар келіп түсуде, хабарласқандардың көбі жылуды тоқтатуымызды сұрауда. Дегенмен біз әркез ережені басшылыққа аламыз, сол ережеге сәйкес, егер соңғы бес күнде орташа тәуліктік ауа температурасы 8 градус болса, біз сөндіруге дайындаламыз. Бірақ біз 22-сіне жоспарлап жатырмыз, сәрсенбіден бастап жылыту маусымын тоқтатуымыз мүмкін», – деді Масабаев дүйсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, медициналық мекемелерде жылыту маусымы кешірек тоқтатылады.
«Бұл жерде тағы бір мәселе бар: қазір көптеген адамдар ауруханаларда жатыр, басқа мекемелерде де өз ерекшеліктері бар. Соған қарамастан біз жылыту маусымын кешірек тоқтатамыз», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды