Жылына бір рет эко жасауға болады

Биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн теңге қарастырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметін бойынша елімізде 9 мың 467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Келесі жылы іске қосылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті кез келген жұптар қатыса алады», – деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн 800 мың теңге қарастырған. Президенттің жолдауына сәйкес, ЭКО квотаны 7 мыңға жеткізу керек, яғни 7 есе көбейту қажет. 943 млн-ды 7 есеге көбейтсек, тиісті сома шығады», – деді Б. Қожахметов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде ЭКО көмегімен 22 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін