Жыл соңында Sputnik V вакцинасының өндірісі басталады

22 желтоқсанда Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасының өндірісі басталады. Бұл туралы Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Асқар Маминнің кездесуінде белгілі болды.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, Ақорда сайтындағы мәлімет бойынша, 25 желтоқсанда коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынағының үшінші кезеңі басталады.

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, ешқандай жанама әсер тіркелмеген, отандық вакцина жоғары тиімділікті көрсетті. Сынақтар 2021 жылы наурыздың соңында бітеді.

«Премьер-министр Президентке 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті