Жыл соңына дейін миллиондаған адам омикрон жұқтыруы мүмкін

Ұлыбританияда жыл соңына дейін 1 миллионға жуық азамат омикрон жұқтыруы мүмкін.

Алматы, NEGE. Біріккен Корольдіктің денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид осындай болжам айтты.

Бүгінде бұл елде коронавирустың жаңа түрі 600-дей адамнан анықталған.

Алайда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары, дейді Джавид.

Өйткені вакциналар омикронға толықтай қарсы тұра алмайды.