Жыл соңына дейін Қазақстанның ірі қалаларында 5G интернеті қосылады

Жыл соңына дейін Қазақстанның ірі қалаларында 5G интернеті іске қосылады

Алматы, NEGE. Мобильді байланыстың бесінші буыны үшін радиожиіліктерді бөлу бойынша 2 күндік аукциондар аяқталды.

2022 жылғы 23 желтоқсанда  мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізілді. Онлайн сауда  «gosreestr.kz» электрондық сауда-алаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар 5G технологиясына арналған 3700-3800 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілік жолақтары бойынша бәсекеге түсті. 

Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды. 

Жеңімпаз ретінде «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-нен құралған консорциум танылды. Олар рекордтық сома -  93,399 млрд теңге ұсынып, жеңіске жетті.