Жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен миллион адамға дейін ауырады

Қазақстанда жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен миллион адамға дейін ауырады. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың айтуынша, биыл бұған коронавирус та қосылады.

«Осы күзде тұмау мен ЖРВИ ауруларының маусымында коронавирустың өршуін, яғни жаңа толқынның басталуын күтіп отырмыз. Жүйе болуы мүмкін осы соққыны қабылдауға дайын. Өткен жылдары, таяудағы 5-7 жылда Қазақстанда орта есеппен қазан-наурыз аралығында 600 мыңнан миллион адамға дейін тұмау және ЖРВИ-мен ауырған. Міне, осы ЖРВИ мен тұмаумен ауыруы мүмкін адамдарға, онымен қоса коронавирус инфекциясы да жұғуы мүмкін», – деді Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Ол Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуын модельдеу үшін сарапшылар қауымдастығының өкілдерін тартатынын түсіндірді.

«Болжамдар ықтимал қауіп-қатердің ең нашар сценарийіне негізделген. Бұл денсаулық сақтау жүйесі кез-келген жағдайға дайын болуы үшін жасалады. Осылайша, Қазақстан үкіметі бүгінде COVID-19-дың таралу процесін толық бақылауды ұйымдастыру үшін барлық қажетті ақпаратқа ие. Осы жылдың болжамдары негізінде халыққа медициналық қызмет пен көмекті уақтылы және сапалы көрсету бойынша шаралар қабылданады», – деп сендірді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр