Жыл сайын елімізде 78 мыңнан астам әйел аборт жасатады

Осындай сұмдық деректі MEN cross-media platform телеграм-каналы хабарлады.

Abortion Worldwide Report пен с Global Life Campaign ұйымдарының зерттеуінше, 2019 жылы Қазақстанда 78 178 әйел жасанды түсік жасатқан. Ал статистика жөніндегі бюроның дерегіне сүйенсек, 2019 жылы аяғы ауыр 1000 әйелдің 36-сы ана болу мүмкіндігін қолдан үзген.

БҰҰ-ның халықтың қоныстануы жөніндегі дүниежүзілік қоры да Қазақстанға назар аудара бастағаны бекер болмаса керек. Мәселен, елдегі 16-18 жастағы жасөспірімдер арасында жылына 4,8-5 мың аборт тіркеледі екен.

Жыныстық қатынасқа ерте түсу деректері де жиілеген. 1,2-1,3 мың аборт дәл осы «ерте есейген» жасөспірімдердің еншісінде.

Ресми емес деректер бұдан әлдеқайда көп. Айталық ресми статистика 15-19 жастағы жасөспірімдер арасындағы жүктілік 1000 қызға шаққанда 36-дан келеді дейді. Бұл көрсеткіш көптеген елдерден 6 есеге жоғары. Тіпті жасанды түсік жасату заңмен рұқсат етілген елдердің өзінде көрсеткіш мұнша көп емес.

Фото: AFP

Жасанды түсік әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің 12-аптасына дейін жасалады. Егер әйелдің өміріне қауіп төніп тұрса, жүктілік мерзіміне қарайды. Адорттың кез келген түрі әйелдің денсаулығын бүлдіріп кетеді. Ең ауыр зардабы – ұрпақсыз қалу.

Қазақстанда ұрпақ сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылардың нақты есебі жоқ. Мұны дәрігерге жүгінгендердің есебінен шамалап білуге болады.

2017 жылы сол кездегі Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық ерлі-зайыпты бедеулікке ұшырайтынын айтқан. Жан түршіктіретін дерек. Соңғы 3-4 жылда бұл сұмдық цифрлар өспесе, кемімегені тағы бар.

Тағы бір дереккөз «Қазақстандағы әрбір бесінші отбасы ұрпақ сүйе алмай жүр» дейді.

Бедеулік пен белсіздіктің себеп-салдары көп. Айталық, 2018 жылғы ресми зерттеулер бойынша жүктіліктің екінші және үшінші сатысындағы жасөспірімдер арасында ВИЧ жұқтырған 30-дан астам жағдай тіркелген.  СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі Республикалық орталықтың дерегіне сенсек, 2017 жылы жасөспірімдер арасында жыныстық аурулар жұқтырған 700 оқиға белгілі болған. Оның 17 пайызы – сифилис, 44 пайызы гонореяға шалдығыпты.

Статистика жөніндегі бюро 2019 жылы 15-17 жастағы ижасөспірімдер трихомониаз, гонорея және сифилиспен көп ауырған.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды