Жыл сайын 300-ден астам отбасы апатты үйлерден көшірілетін болады

Елордада жыл сайын 300-ден астам отбасын апатты үйлерден жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді табыс еткен қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр -Сұлтан, NEGE. «Өткен жылдың қиындықтарына қарамастан, көптеген жұмыстар атқарылды. Жұмыс әлі де көп. Партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізіне 13 негізгі басым бағыт алынды. Мысалы, 2021-2025 жылдар аралығында жыл сайын 10 мыңға жуық жеңілдікті әлеуметтік пәтер салу және беру, 125 тұрғын үй кешенін және 150 лифтіні жөндеу, 300-ден астам отбасын апатты үйлерден қауіпсіз жаңа тұрғын үй кешендеріне көшіру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, 5 жыл ішінде 50 мемлекеттік мектеп салынады, орта және жоғары білім алу үшін гранттар саны жоспарлы түрде ұлғайтылады. «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша тағы 30 «үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады, тағы 5 ірі медициналық мекеме салынады», - деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ қала басшысының айтуынша, алдағы жылдарда 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 85 км нөсер кәрізі, қосалқы станция және 177 км электрмен жабдықтау желілері, 23 км жылумен жабдықтау желілері, 3 кешен нөсер кәріздерін тазарту құрылыстары салынады. Сондай-ақ, 6 мектеп, бірқатар медициналық орталық, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 50 саябақ пен сквер құрылады, 123 км велосипед жолдары төселеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды