Жыл басынан бері түркістандық 92 мың отбасы жәрдемақы алды

Қаңтар айы басталғалы Түркістан облысында 93 мыңға жуық көп балалы отбасына жәрдемақы төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. 50 мыңнан астам тұрмысы төмен отбасының балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілген. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Биыл атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша беріледі. Бірінші жәрдемақы барлық көп балалы отбасына төленеді.

Былтырғыдай көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы деп бөлінбейді.

Мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамай беріледі. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларының саны төрттен асса болды. Жәрдемақының мөлшері бала санына қарай өсіп отырады. Мәселен, 4 баласы бар отбасыға – 42496 теңге, 5 баласы бар отбасыға – 53127 теңге, ал 6 бар отбасыға – 63757 теңге және 7 баласы бар отбасыларға – 74388 теңге жәрдемақы төленуде.

Айта кетейік, 18 жастан асқан баласы орта және жоғарғы оқу орнында оқитын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек баласы 23 жасқа толғанға дейін беріледі.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады