Жыл басынан бері 223 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
2021 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 154,9 млрд теңге бағытталды.