Жыл басынан бері 10 мыңнан аса оқушы вирус жұқтырды

Оқу жылының басынан бері 10 мыңнан астам оқушы коронавируспен ауырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Алматы, NEGE. «Өкінішке орай, мектеп оқушылары арасында коронавирус жағдайларының тіркелуі жалғасып жатыр. Оқу жылы басталғаннан бері 10 мыңнан астам мектеп оқушысы коронавируспен ауырды. Оның ішінде 3324 бала оффлайн режимінде білім алған. Қазіргі уақытта карантиндік іс-шаралар өңірлердегі және жекелеген мектептегі коронавирусқа шалдығу жағдайларын ескере отырып теңгерімді түрде қолданылады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті