Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жол жөнделеді — Көлік министрлігі

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев елдегі жолдардың жай-күйі туралы баяндады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Биыл Қазақстанда жалпы қолданыстағы 12 мың шақырым жол, оның ішінде 8 мың шақырымы республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жол құрылысымен және жөндеумен қамтылғаны атап өтілді.

«Жыл қорытындысы бойынша 7 мың шақырымға жұмысты аяқтау жоспарланып отыр, атап айтқанда, Алматы – Қарағанды, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және Мерке – Бурылбайтал жолдарының I және II техникалық санатқа ауыстырылып, учаскелерінде жұмыстар аяқталады. Жалпы, қабылданып жатқан шаралар жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Марат Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді