Жыл соңына дейін 1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет меншегіне өтуі тиіс учаскелердің көбі кезінде заңсыз берілген немесе пайдаланылмай бос жатқан. Оның дені - Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарына тиесілі жер телімдері.

Жалпы соңғы 4 жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылған. Соның есебінен жайылым тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін, яғни 4 есе қысқарды.

Жерге үлесі бар 11 мың адамның құқығы қорғалды.