Жигули Дайрабаев Тоқаевты құттықтады

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев exit poll қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан халқына үндеу жасады, - деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Дайрабаев халық өз таңдауын жасағанын атап өтіп, Тоқаевты құттықтап, сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ дауыс берген қазақстандықтарға алғысын білдірді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Ол ел мүддесіне жұмыс істейді деп сенемін. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына табыстар тілеймін", - деді Жигули Дайрабаев.