«Жігіттер» тобының продюсері Еркін Нұржановтың жағын сындырғанын мойындады
Жігіттер тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов өнердегі інісі Еркін Нұржановтың жағын сындырып қойғанын мойындады. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында хабарланды.
Алматы, NEGE. "Әр отбасыда әркім баласына әр түрлі тәрбие береді. Бір момын бала болса, оны шапалақпен тәрбиелеуге болмайды. Оның өзінің дәрісін тауып, өзге тәсілмен емдеу керек. Сол сияқты "Жігіттер" квартеті де сол кезде жұлдыз ауруына шалдығып, халыққа еркелеп, аспанға ұшып кетпесе де, ұшайын деп тұрған кезеңдері болды. Сол керек кезде оны тоқтататын тәсілдердің біреуі болды десем болады. Олар шектен шыққан кезде шапалақ ұрған уақыттарым болды. Алайда, мен оларды әдейі ұрғаным жоқ. Жаман болсын деп ұрмадым.
Менің жаңа кітабымда бірқатар шындық ашылды. Мәселен, онда Еркін Нұржанов жайлы толық жазылды. Оның топтан қалай кеткені және не себепті кеткені жазылды. Еркін екеуміздің арамызда бір кикілжіңдер болды. Бір кезде тіпті ағалық ретінде шапалақпен ұрамын деп, жағын сындырып алғанмын. Бірақ, мен жағын сындырайын деп жасаған жоқпын. Солай болып қалды. Ағалықпен қол жұмсап қойдым. Соның себебінен де арамыз алшақтау басталған болуы да мүмкін. Өйткені, сол жайттардан кейін ол ортамыздан алыстай бастады", – деп ағынан жарылды продюсер Ерғали Әбдірайымов.