Жігіт отбасылық жанжалдан кейін 4 қабаттың терезесінен секірмек болған

2 ақпан күні кешке Петропавл қаласы ПБ-ның екінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан оның 19 жасар ұлы Ибраев көшесіндегі пәтерінде жанжал шығарғаны туралы шақыру түсті.

Алматы, NEGE. Бұл факт Петропавл қаласы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Шақыруға кезекші учаскелік полиция инспекторы мен ТЖД құтқарушылары келіп жетті. Мас күйдегі жігіт отбасылық жанжалдан кейін 4 қабаттың терезесінен секіруге тырысқаны белгілі болды.

Құтқарушылар мен полицейлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

Аталған дерек ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бойынша әкімшілік материал жиналды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жігіт “жеңіл” дәрежеде алкогольдік мас күйде болған.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.