Жиенбековтің құдасы қамалды

Қырғызстанның экс-президенті Сауранбай Жиенбековтің құдасы, бұрынғы депутат Әлиярбек Әбжалиев қамалды, – деп хабарлайды  24.kg.

Алматы. NEGE. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды. ҰҚК бұрынғы депутаттың ұсталғанын растады. Алайда күдіктінің аты тергеу құпия өткізіліп жатқанына байланысты айтылмады.

"Кәсіпкер ҰҚКҰ-ға Ә.Ә. Парламент депутаты болған кезде жасаған алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде 2 миллион доллар көлемінде залал келтірді деген шағыммен жүгінді. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Сот оған тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді ведомство өкілі.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды