Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 447-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 1257-орында тұрған ұлыбританиялық Элеанор Баглоумен шеберлік байқасты.
Ж.Құламбаева үш сетке созылған тартысты бәсекеде 1:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Жібек Құламбаева финалда әлемнің 551-ракеткасы, румыниялық Карола-Патриция Беженару немесе рейтингте 771-сатыдағы грекиялық Элени Христофидің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.