Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің чемпионы болды

Қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Әлемнің 447-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Ж.Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 771-сатыда тұрған грекиялық Элени Христофимен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Сөйтіп, Жібек Құламбаева чемпиондық тұғырға көтерілді.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың финалына шықты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр