Жібек Құламбаева ITF турнирінің чемпионы болды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF турнирінің чемпионы атанды.

Алматы, NEGE. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен күш сынасты. Е.Маклакова мен К.Зайцева осы доданың екінші ракеткалары еді.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар екінші сетте де осы қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4. Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды