Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Италиядағы Бари челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды sputnik.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші франциялық Кароль Моннемен бірге ширек финалда испаниялық Марина Бассольс – бразилиялық Лаура Пигосси жұбымен сынға түсті.

Қазақстандық-франциялық жұп 7:6 (7:2), 6:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Құламбаева – Монне финалға шығу үшін грекиялық Валентини Грамматикопулу – франциялық Эликсан Лечемиямен таласады. Бұл жұп жарыстың 2-ракеткалары, словениялық Далила Якупович – ресейлік Ирина Хромачёвадан айласын асырды – 6:1, 6:4.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 129-ракеткасы Тимофей Скатов жекелей сында Севилья (Испания) челленджер додасында рейтингте 335-орында тұрған франциялық Валентин Ройеге жол берді – 3:6, 2:6.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр