Жезөкшелер жұмыс істейтін массаж салоны анықталды

Алматыда жезөкшелер жұмыс істейтін массаж салоны анықталды. Салон жекеменшік үйде орналасқан, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Алматы, NEGE. Коттедж сыртынан қарағанда тұрғын үйге ұқсайды. Ғимарат Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан.

«Түнгі сағат он кезінде жұмыс орнында клиенттерге интимдік қызмет көрсететін алты қыз бен әкімші болды. Бәрі қазақстандық - Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары. Олардың ең үлкені - 28-де, кішісі - 19-да. Салондағы әр қызметкердің жеке басын тексеру үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Массаж салонының иесіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай ұсыну") бойынша материал жинақталды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады