24 июля 2024 г. 15:40

Жезқазғандық шахтер «ОйБой Camry» промосымен алғашқы Camry75-ті ұтып алды

Фото: Форте банк

23 шілде күні Астанада Forte қызметкерлері «ОйБой Camry» промо-кампаниясының биылғы жылғы жеңімпазына алғашқы Toyota Camry75 көлігінің кілтін табыстады. Жеңімпаз – жезқазғандық 38 жастағы шахтер Азат Болат. Ол біздің банкте автонесие рәсімдеген және ол осылайша жүлде ойынының қатысушысы болды.

«Бір ай бұрын Forte-ден автонесие алған болатынмын. Барлығын бір күнде рәсімдедім, бәрі онлайн түрінде тез жасалды. Мобильді қосымшадағы «Қатысқым келеді» батырмасын бастым, бірақ жолым болады деп үміттенбедім. Сол себепті де екі апта бұрын банктен «көлік ұтып алдыңыз» деп хабарласқанда, бірден сенген жоқпын. Кейінгі бір апта бойы ойланып жүрдім, әзіл болар немесе алаяқтардың әрекеті шығар дедім. Досыма айтып едім, ол да сене қоймады. Кейін Forte-ден кезекті рет телефон шалып құттықтағанда ғана сенімім бекіп, қатты қуандым. Мен өмірімде ештеңе ұтып көрген жоқпын, бірінші рет көлік ұтып алдым. Таң-тамаша болып жүрмін. Армандар орындалатынына енді сенемін», – дейді Азат.

Фото: Форте банк

«ForteBank» АҚ маркетинг бойынша директоры Антон Кимнің айтуынша, маркетингтік белсенділіктің барлығы да Forte-ге сенген, адалдық танытқан клиенттерге разылық білдіруге бағытталған.

«2018 жылдан бастап Forte әр тоқсан сайын автокөлік ойнатып келеді. Бұл – 38-ші көлік, жыл аяғына дейін тағы екі Camry ойнатамыз.Біздің өнімдеріміз бен мобильдік қосымшамызды пайдалануды жалғастыра беріңіздер, ал біз сіздерді жаңа ұтыстармен қуанта береміз», – дейді Антон Ким.

Биылғы жылы «ОйБой Camry» промосына қатысушылардың саны 18 мың адамнан асты. Жеңімпаз кездейсоқ сан генераторының көмегімен анықталды. Ұтыс ForteBank-тің Instagram желісінде тікелей эфир арқылы жүрді.

ForteBank әр үш ай сайын Toyota Camry ойнатады, ұтыс ойыны 2024 жылдың 23 желтоқсанына дейін жалғасады. Ұтысқа қатысу үшін несие рәсімдеу керек немесе Forte-де 100 000 теңгеден бастап қайта қаржыландыру рәсімдеу қажет. Сондай-ақ ForteBlack картасы бойынша кредиттік лимитті пайдалану арқылы қатысуға болады. Ұтыстың толық шарттарымен танысу үшін сілтемені басыңыз.

ҚНРДА лицензиясы №1.2.29/197/36, 03.03.2020 жылдан бастап.

Тегтер: