Жезқазғанда жол ережесін өрескел бұзған кортеж жүргізушілері анықталды

Жезқазғанда жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Жезқазған қаласында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған үйлену тойы кортежін анықтады.

Камера жазбаларында бірнеше жүргізушінің жол ережесін елемей, қауіпті маневр жасағаны, өзге көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіргені айқын көрінеді. 

Аталған дерек бойынша тәртіп сақшылары жедел шара қолданып, төрт автокөлік жүргізушісін жауапқа тартты. Сонымен қатар олардың көліктері айыптұраққа қойылды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?