Жезқазғанда Наурызға арналған сахнаны безендірген ер адам биіктіктен құлап қаза тапты

Желіде Жезқазғанда Наурыз мейрамына орай сахнаны безендіру кезінде құлап, жарақат алған ер адам ауруханада қайтыс болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 14 наурыз күні жеке кәсіпкер ретінде тіркелген ер адам Наурыз мейрамын тойлауға арналған сахнаны безендіру жұмыстарына тартылған.

Облыстық әкімдіктің алдында орналасқан алаңдағы сахнаны Наурыз мейрамына орай безендіріп жатқан ер адамның биіктен құлап, ауыр хәлде жансақтау бөліміне жеткізілгені айтылған. Ол билбордқа мерекелік плакат іліп жатқанда, үш метрден астам биіктіктен құлап кеткен. Төртінші күні ол жансақтау бөлімінде көз жұмған.

55 жастағы ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда 18 наурызда оған жасалған операциядан кейін қайтыс болды.

«Қайтыс болу себебі – ми ісінуі және мидың ісініп, сабау құрылымдарының зақымдануы, сондай-ақ өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ТЭЛА)», – деп хабарлады Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді