Жезқазғанда әскери бөлім офицеріне оқ тиді

Жезқазғанда оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұлан офицері оқ жарақатын алды. Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы ақпаратты растады, деп хабарлады sn.kz ақпарат порталы.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Жезқазғанда рота командирінің аяғынан оқ жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.

12 қыркүйекте жауынгерлік даярлық жоспары аясында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен полигонда атыс жаттығулары өткізілді. Қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде офицер аяғынан жеңіл жарақат алған. Оған сол жерде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, өмірлік маңызды ағзалары зақымдалмаған, – делінген ресми хабарламада.

"Орталық" өңірлік қолбасшылығы қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ