Жезқазған жеріне ғарыш кемесі қонды

«Союз МС-17» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелерімен бірге Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге сәтті қонды.

Алматы, NEGE. Кеменің экипаж мүшелері ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және американдық Кэтлин Рубинс. Кеме жарты жылдық сапардан оралды. Экспедиция барысында ғарышкерлер 11 жыл бойы ашылмаған станция люгі арқылы ғарышқа шыққан. Сонымен қатар 50-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылды. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр