Жезқазған қаласының тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді

'Құқықтық тәртіп' жедел профилактикалық іс-шарасы  аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Алматы, NEGE. Күдіктінің үйін тінту кезінде, ол тұратын жерде шамамен 6 кг кептірілген марихуана тәркіленді.

Сонымен қатар тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған бес оқ, кастет тәркіленді. 

Күдікті уақытшы ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.