Жезқазған әкімі қызметінен кетті

Қайрат Әбсаттаров Жезқазған әкімі қызметінен кетті.

Алматы, NEGE.  Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті.