Жезқазған қаласында мұнай базасында өрт шығып, төрт адам зардап шекті

Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өртке оранды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Өрт сөндіру қызметі келгенше газ-ауа қоспасы жарылып, ангардың қабырғалары қирады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына төтеншеліктер бірнеше минут ішінде жетті. Оқиға орнында орналасқан жедел штаб іргелес жанармай цистернасын салқындату арқылы қорғау үшін бригадалардың бірін жіберді.

Оқиға орнында тұрған гидранттарға автоцистерналар орналастырылып, 100 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді.

Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады