Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Өткен жылдың қыркүйек айында «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды.

Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»