Жетісуда бір күнде 300 баланың тұсауы кесілді

Наурызнама онкүндігі аясында Талдықорғанда 50 баланың тұсауы кесілсе, қалған аудандарда 250 бала алғашқы адымын жасады. Бұл Қазақстан рекорды болып саналады, деп жазды egemen.kz.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Жалпы өңірде Наурыз мерекесі ерекше аталып өтпек. Өңір әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 300-ге тарта іс-шара өткізу жоспарланған. Нақтылап айтсақ, өңірде 5 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады, қайырымдылық және экологиялық акциялар, әлеуметтік марафондар өткізіледі, концерттер, спорттық жарыстар, көрмелер ұйымдастырылады, сол сияқты 60 отбасына жаңа үйлердің кілті беріледі. Бұл ретте отбасы институтын, ұлттық мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінбек. 

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, Наурызнаманың жалпыұлттық онкүндігі аясында өңірдегі Наурыз мерекесі бүкіл елдегідей 14 наурызда «Көрісу – Амал мерекесімен» басталып, 23 наурыз «Тазару күнінде» ауқымды экологиялық акциямен түйінделеді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды