Жетісуда Amanat партиясы филиалының бұрынғы басшысы бала зорлау ісі бойынша қамалды

Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген болатын. 

Gov.kz

Алматы, NEGE. Жетісуда Amanat партиясы филиалының бұрынғы басшысы бала зорлау ісі бойынша қамауға алынды.

«Ақсу аудандық сотының 2024 жылғы 20 тамыздағы ұйғарымымен Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды