11 октября 2025 г. 16:48

Жетісуда 5 адамның өліміне себеп болған жүргізушіге сот үкімі шықты

Фото: ғаламтордан
Қайғылы оқиға жеңіл көліктегі бес адамның өмірін қиған еді.

Алматы, NEGE. Жетісуда бес адамның өліміне кінәлі деп табылған жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға сотталды.

Іс материалдарына сәйкес, "Volvo FH-Truck" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан. 

– Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы ЖКО-ға кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты. Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген ақпаратта.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, өйткені бұл жол қозғалысына қатысушылардың да, олардың жақындарының да өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі.