Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды

Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция

Алматы, NEGE. Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 кг балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

– Автокөліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық анықталды. Алдын ала залал 2 800 000 теңгені құрады. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр, – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов. 

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді