Жетісу облысында жоғалып кеткен малшы табылды

Құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны тапты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Кеше Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының шетінде 1980 жылы туған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған.

Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Іздестіру тобы жоғалған адамды Сарыбел ауылынан 5 шақырым жерде тапты. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне берді, жағдайы тұрақты.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті